ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ҚАЗАҚ ТІЛІ” ҚОҒАМЫ
КӨШПЕЛІ ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ 

2021 ж. 3 қараша күні Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын талқылау бойынша ғылыми-шығармашылық зиялы қауыммен жиналыс өткізді.

Отысқа Алматы әкімдігі, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы, Жазушылар одағы, Кинематографистер одағы, Қазақстандық авторлық қоғамы, Композиторлар одағы, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театры, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ұлттық университеттері, БАҚ, ақпараттық агенттік жетекшілері, танымал қоғам және мемлекеттік қайраткерлері шақырылды.

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Ерден Задаұлы Қажыбек сөзінде қоғам көптен бері талап етіп келе жатқан келелі мәселелерге назар аударды.

Атап айтсап, ең бірінші, шұғыл және кезектен тыс арнайы “Мемлекеттік тіл туралы” заңды қабылдау қажеттілігін, мемлекеттік-қоғамдық әріптестік бағыты бойынша сөзден іске көшетін уақыттың келгенін, ұлттық терминқор қалыптастыру маңыздылығын, тіл мәдениеті мен тіл ұстарту бағытында бұрыннан шешімін таппай келе жатқан, қордаланып қалған мәселелерді, нақты ұсыныстарды, қоғамның осы саладағы атқарып жатқан жұмыстарын баяндап берді. “Рухани жаңғыру тек қазақ тілінде ғана іске асуы мүмкін екенін есте берік сақтағанымыз жөн. Олай болса, рухани жаңғырудың басты талаптарының бірі әрі бірегейі – мемлекеттік тілді дамыту екенін білу шарт” – деп түйді Е.З.Қажыбек.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова өз баяндамаларында қоғамдық ұйымдарды қолдау мәселесі Үкіметтің күн тәртібіне енгізілгенін жеткізді, өз сөзінде жазушы Смағұл Елубай, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Композиторлар одағының құрметті төрайымы Балнұр Қадырбек, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің экс-ректоры Такир Балықбаев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан және т.б. мемлекеттік тілді дамыту мәселелерге ерекше тоқтады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жиын соңында ұсыныстардың барлығы хаттамалық шешімде ескерілетінін жеткізді.

 

Толығырақ ақпарат үшін қараңыз:

https://primeminister.kz/kz/news/eraly-togzhanov-almatynyn-gylymi-shygarmashylyk-ziyaly-kauymymen-ulttyk-ruhani-zhangyru-ulttyk-zhobasyn-talkylady-310170 

https://almaty.tv/kz/news/itogovyy-vypusk-novostey/2100-3-karasha-kuni-bolgan-manyzdy-okigalar-korytyndy-dganalyktarda

https://qazaqstan.tv/videos/147557

https://24.kz/ru/news/vypuski-novostej/item/508136-vypusk-novostej-14-00-ot-3-11-2021

 

Please follow and like us:
Pin Share
Categories: ЖАҢАЛЫҚТАР

0 Comments

Добавить комментарий

Avatar placeholder
RSS
Follow by Email