ҚАЖЫБЕК ЕРДЕН ЗАДАҰЛЫ

ҚР ҰҒА корр.-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Қысқаша өмірбаяны

  • 1972-77 жылдары академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған
  • 1977-80 жж. — ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түркология» мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды
  • 1986-88 жж. — КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының докторантурасында білім алған
  • 1980-82 жж. — ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері
  • 1982-89 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының ғалым хатшысы
  • 1989-92 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының Түркология және қазақ тілінің тарихы бөлімінің меңгерушісі
  • 1989 ж. бастап — Халықаралық бейүкіметтік, коммерциялық емес түркітану орталығының Президенті
  • 1992-2005 жж. ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, «Қазақстан» Ақпараттық-талдау орталығының директоры, Халықаралық “Еуразия қорының” Президенті қызметтерін атқарды
  • 1992-2005 ҚР Ұлттық ғылым академиясының “Қазақ тілі” қоғамының Төрағасы
  • 2003 ж. бастап — Америка білім беру консорциумының Орталық Азия өкілділігінің жетекшісі
  • 2005 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері,  ғылыми жобаларының жетекшісі
  • 2006 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы
  • 2016 ж. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ (түркология) каф. меңгерушісі
  • 2016-2020 жж. ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институтының директоры
  • 2017 ж. — ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық  комиссия қарамағындағы “Қазақ жазуын латын графикасына көшіру жұмыс тобының” жетекшісі
  • 2017 ж. бастап — ҚР Үкіметі жанындағы Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі
  • 2017 ж. бастап — ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институтының Түркітану және алтаистика бөлімінің меңгерушісі
  • 2020 ж. бастап – Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Президенті м.а.
  • 2020 ж. бастап — ҚР Ұлттық ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің Төрағасы

Ғылыми еңбектері

  • 1988 жылы “Түркі сөздерінің семантикасы” деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады
  • 400-ден аса ғылыми еңбектері бар
  • “Семантика тюркского слова. А., 1988
  • Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках (явление синкретизма). А., 1986
  • “Түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігі” (Анкара, 1992)
  • “Қазақша-түрікше және түрікше-қазақша сөздік”(Анкара, 1993)
  • Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді стратегиялық жоспарлау (тұжырымдама, бағдарлама, ақпараттар, анықтамалар, ұсыныстар, баяндамалар, есептер, слайдтар). А., 2017 т. б. авторы

Қоғамдық қызметі

Е.Қажыбектің ұйымдастыруымен Алматыда туркітану мен шығыстану мәселелеріне арналған отыздан астам  халықаралық ғылыми конференциялар өтті

  • Халықаралық“Тюркология” (Баку), “Тюрк юрду” (Анкара) ғылыми-теориялық журналдар алқасының, салыстырмалы-тарихи зерттеулер жөніндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі
  • Орта Азиялық зерттеулер жөніндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі
  • Орта Азия – Еуразия зерттеулер жөніндегі ассоциацияның (Мадисон, АҚШ) мүшесі
  • “Қазақстан – Түркия” достық қоғамының басқарма мүшесі
  • ҚР Президенті аппаратының және Министрлер Кабинетінің ғылыми сарапшысы
  • Нидерланды Шығыстанушылар Қоғамының (Утрехт) толық мүшесі
  • Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі
  • «Türk Dil Kurumu» Түрік Лингвистикалық Академиясының (Анкара) толық мүшесі
  • Қытай Билингвистикалық Білім беру Ғылыми-зерттеу Академиясының (Пекин) толық мүшесі
  • Халықаралық Ресей Түркологтары Комитетінің (Мәскеу) мүшесі
  • Кипр Америка университеті басқармасының (Кипр) мүшесі
  • Қазақстан-Ливия Достық және мәдени байланыс қоғамы басқармасының президенті
  • ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Марапаттары

Ғылымдағы сіңірген еңбектері үшін:

  • ҚР Ұлттық ғылым академиясының мақтау қағазы, медалімен марапатталған
  • ҚР Президенті жарлығымен Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері атағы берілген
  • Америка білім беру консорциумы медалі
  • АҚШ “StrategEast Westernization Award 2018” марапаты
  • Еуропа Қыпшақтары Одағының рыцарлық ордені
  • ТҮРКСОЙ медалі

RSS
Follow by Email