Ғасыр жасаған Кейуана марапатталды

Өткен аптада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғаннан бастап,  барша Түркі Әлемі ғалымдары, ірі университеттері мен ғылыми орталықтары танымал тілші-түрколог, қадірменді ұстаз, профессор, жүзден асқан Зейнеп Қорқмаз ханымды бірғасырлық мерейтойымен құттықтап, қуаныштарын жасыра алмай, марапаттары мен сыйлықтарын жарыса ұсынып жатқанын шетелдік баспасөз беттерінен тамашаладық.

 

Апта басында, он екінші шілде күні түркі мемлекеттерінің ЮНЕСКО-сы аталған “ТҮРКСОЙ” халықаралық ұйымы және “Түрік тіл академиясы” (“Түрік тіл құрымы”) Анкара қаласында Түркия мемлекетінің Президент әкімшілігі қамқорлығында ұйымдастырған «Анадолыда түрік жазба тілінің қалыптасуы» атты алқалы ғылыми симпозиумда ғұлама ғалым түркі тілдерінің грамматикасы мен сөз өнеріне, тіл тарихы мен түркітануына қосқан орасан зор үлесі үшін Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының мәртебелі төсбелгісі —  “Ана тілі” медалімен марапатталды. 

Алқалы жиынға арнайы  қатысып ғалымды марапаттаған Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті, Ұлттық ғылым  академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Задаұлы Қажыбек абыз ана туралы былай деді: «Еңбектері қазақ, қырғыз, өзбек, әзербайжан, татар — барша түркі тілдерінің грамматикалық теориясын дамытуға берік іргетас болып қаланған Зейнеп Қорқмаз ханымның, міне, бір ғасырды абыроймен еңсергенінің куәсі болу бақытына ие болдық. Зейнеп ханым біздің ұстаздарымыз академик Әбдуәлі Қайдар, Шора Шамғали, Рәбиға Сыздықованың үзеңгілес әріптес досы, ғылымда қаншалықты принципшіл, қатал болса, өмірде соншалық қарапайым, көпшіл адам”.

Өз кезегінде кейуана: “Түркі жұртының қара шаңырағы, қазақ халқы, қазақ тілінің жанашырлары тарапынан осындай жоғары дәрежелі құрметке бөлену мен үшін ерекше маңызды” – деп, қазақ халқына зор ризашылығын білдірді.

 

Please follow and like us:
Pin Share
Categories: ЖАҢАЛЫҚТАР

0 Comments

Добавить комментарий

Avatar placeholder
RSS
Follow by Email