МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН НАҚТЫ АНЫҚТАУ ҮШІН КОНСТИТУЦИЯДАН  7-баптың  2-тармағын АЛЫП ТАСТАУ  КЕРЕК!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғау – еліміздегі ең басты мәселеге айналып келеді. Осы мақсатта «Қазақ үні» ұлттық порталында осыған дейін ҚР Конституциясындағы 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастау туралы сансыз мақала жарияланды. Солардың ішінде ең келелі әрі өзектісі осыдан үш жыл бұрын, 2017 жылы 26 ақпанда жарияланған «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ АТА ЗАҢДА АЙҚЫН КӨРІНСІН!» атты Қазақстан Президентіне жазылған Ашық хат. Конституциялық реформа кезінде еліміздің әлемге әйгілі тарландары Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Қабдеш Жұмәділов, Өмірзақ Айтбаев, Мекемтас Мырзахметов, Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Төлен Әбдік, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Сәбит Досанов, Ғаббас Қабышев,  Темірхан Медетбек,Бексұлтан Нұржекеев, Исраил Сапарбай, Ұлықбек Есдәулет және т.б. бастаған 118 ұлт зиялысы қол қойған Конституциядағы орыс тілі туралы 7 баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап еткен бұл Ашық хатқа бүгінде 54 015 адам қол қойып, қолдап, бұрынғы межелерден 400 еседей көп тарихи рекордтық деңгейге жетіп отыр. Ұлт мүддесі үшін бұрын мұншалықты қалың қол жиналған емес. Яғни, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау күн тәртібіндегі күннен-күнге күшейіп келе жатқан ең өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан да «Қазақ үні» порталында жарты миллиондай адам оқып, 1000-нан аса  пікір жазылып қолдау білдіруде. Әлеуметтік желілердегі қаптаған қолдаушылардың санын есептеу мүлде мүмкін емес. Бұл Ашық хат 2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолына тигені туралы сол кездегі Президент әкімшілігі басшысы Әділбек Жақсыбековтың Конституциялық реформа қорытындысы туралы Елбасыға есеп берген ресми жиында мәлімдегені БАҚ-та жарияланып, телеарналар көрсеткен еді. Бірақ әлі толық нәтиже көрінбей келеді.

МАҚАЛАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН ОҚУ


Please follow and like us:
Pin Share
Categories: ЖАҢАЛЫҚТАР

0 Comments

Добавить комментарий

Avatar placeholder
RSS
Follow by Email