Академияның мақсаты:

  • қазақ тілінің республикада және одан тыс жерлерде кеңінен қолданылуына байланысты мемлекеттік, қоғамдық әр түрлі ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға, жеке азаматтарға көмек көрсету;
  • тиісті мекемелермен бірлесе отырып, тіл дамытуға қажетті ғылыми-әдістемелік, оқу-анықтамалық құралдар, бағдарламалар, сөздіктер, тілашарлар тәрізді анықтамалықтар шығаруды ұйымдастыру;
  • қазақтың ертедегі және осы замаңғы мәдениет үлгілерін, тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өзге ұлт өкілдеріне таныстыра отырып, жалпы адамзаттық рухани игіліктердің өз ортамызда да өpic алуына қамқорлық жасау;
  • мемлекеттік тіліміздің ең алдымен республикамызда заңға сәйкес насихатталып, қанат жаюына септігін тигізер бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар, баспасөз т. б.) мен конференция, кеңес, семинар тәрізді түрлі шаралар өткізуге қамқорлық жасау;
  • мектепке дейінгі мекемелерде, орта кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы орта білім беретін және жоғарғы оқу орындарында негізгі пәндерді қазақ тілінде жүргізу жәйін қадағалап, ретіне қарай жәрдем керсету және басқа да тілдік орталарды пайдалана отырып, тіл мейрамдары мен лингвистикалық олимпиядалар, тақырыптық кештер мен белгілі мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізуге ұйытқы болу.

КОНФЕРЕНЦИЯЛАР / ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ҚАЗАҚ ТІЛІ” ҚОҒАМЫ КӨШПЕЛІ ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ҚАЗАҚ ТІЛІ” ҚОҒАМЫ КӨШПЕЛІ ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ  2021 ж. 3 қараша күні Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Read more…

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайы

Алматы қ., Құрманғазы көш., 40.

ТЕЛ.:

+7 (727) 272 24 19


ПН.-ПТ, 9:00-18:00

Contact Us

RSS
Follow by Email