Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы 2021 жылдың 25 тамызында сағат 15:00-де онлайн форматта «ОРТА МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты семинар кеңес өткізеді.

Онда еліміздің белгілі ғалымдары мен жоғары дәрежелі мектеп мұғалімдері мынадай тақырыптар бойынша баяндама оқиды:

  • Алаш әдебиеті көтерген елшілдік ұранының жаңартылған бағдарламадағы көрінісі
  • Қазақ тілін оқытудағы дәстүр мен жаңашылдықтың үндесімі
  • XX ғасыр басындағы алаш оқулықтарындағы қисын: ана тілі мен екінші тілді оқытудың ерекшелігі
  • Орта мектепте әдебиет пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
  • Орта мектеп деңгейіндегі лингвистикалық білім көлемі
  • Жаңартылған бағдарламада әдебиеттану ғылымының қамтылуы
  • «Қазақ әдебиеті» пәні оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары
  • Тереңдетіле оқытатын мектептерге арналған қазақ тілі пәні оқу бағдарламасының концепциясы
  • Жаңартылған мазмұндағы тереңдетілген “Қазақ әдебиеті” бағдарламасының ерекшеліктері
  • Нені оқыту мен қалай оқытудың ара-жігі қандай? Қайсы алғашқы?

 

Баяндамалар негізінде, Әдебиет пәні бойынша:

  • Тарау аттарын дәл осылай атаудың ғылыми негізі қандай?
  • Оқытуға бөлінген сағат саны мен оқытылатын шығармалар саны сәйкес пе?
  • Пәннің негізгі мақсаты не? Мақсат пен мазмұн үйлесе ме?
  • Жаңартылған бағдарламада әдебиеттану ғылымының категориялары түгел қамтылған ба?

Қазақ тілі пәні бойынша:

  • Қазақ тілі пәнін оқытудың нақты мақсаты не?
  • Орта мектеп деңгейіндегі лингвистикалық білім және оған не кіреді?
  • Оқулықтың құрылымы мәтінге негізделуі керек пе әлде грамматикаға ма? – секілді мәселелер талқыланатын болады.

 

Осы тақырыптар жөнінде айтары бар мамандарды еркін пікір алмасу алаңына шақырамыз. Барлық пікірлер мен ұсыныстар азаматтық қоғам алдына ашық жарияланып, баспасөзде  талқыланады.

Жыйын соңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының атынан  Қарар қабылданып, тиісті орындарға ресми хат түрінде жолданады.

 

ZOOM: 819 9917 3513              код: 335057

 

Ұйымдастырушылар комитеті:

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

Байланыс: 8 (727) 272 2419

8 775 668 1853 – Жансая Төлеужан

e-mail: info@qtq.kz

Please follow and like us:
Pin Share
Categories: ЖАҢАЛЫҚТАР

0 Comments

Добавить комментарий

Avatar placeholder
RSS
Follow by Email