Халықаралық «Qazaq Tili» қоғамының ұйымдастыруымен «Үндесім – түркі тілдерінің басты ерекшілігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі.
Форум Әлімхан Жүнісбектің «Сингармология или неизвестный сингармонизм» (Алматы, 2020. – 144 c.) атты монографиясында көтерілген мәселелерді талқылауға арналған.
Түркі тілі жүйесінің базалық қағидаттарына инновациялық жаңаша қарайтын таза ғылыми-теориялық бағыттан басқа, аталмыш шараның республикада жүргізіліп жатқан ауқымды лингвистикалық реформамен байланысты ғылыми-практикалық маңызы да зор.
Ғалымның кітабында түркі грамматикасының табиғатына деген ойымызды түбегейлі өзгертуге бағытталған жаңаша көзқарастар бар.
0 Comments